Ата-аналарға арналған сынақ іскерлік ойыны
23. 10. 2014
Ата-аналарға арналған сынақ іскерлік ойыны
Қажетті көрнекіліктер: 1) бала тәрбиесі жөніндегі айтылған нақыл сөздер, мақал-мәтелдержазылған плакаттар; 2) шарлар; 3) түрлі-түсті картоннан жасалған кубик; 4) «Әзіл-қазылар», «Сарапшылар» кестелері; 5) билет сұрақтары; 6) конверттер және оны ілетін ағаш тақта; 7) аяқталмаған мақал-мәтелдер жазылған түрлі-түсті қағаздар; 8) алдын-ала жасалған сертификаттар; 9) шағын ынталандыру сыйлықтары.
Мектеп психологы: Құрметті ана-аналар! Бүгін жиналыс біркелкі өтіп, Сіздерді шаршатпас үшін бірігіп, іскерлік ойын жүргізейік.
Іскерлік ойын мақсаты: а) баланың дамуына теріс ықпал ететін жолдардың алдын-алу; ә) бала тәрбиелеу сапасының азда болса, жоғарлауына ықпал ету.
Бәріміз мектеп шаңырағына жиналып отырғандықтан, іскерлік ойнымыз да білім ордаларының өмірімен байлансыты. Іскерлік ойыны «Сынақ» деп аталады. Ол үшін бізге сарапшылар міндетін атқаратын 4 ата-ана керек (ата-аналар комитеті бастаған топ).
Сондай-ақ, сіздердің араларыңыздан іскерлік ойынға қатысатын 7 ата-ана шығуы қажет (егер өз еріктерімен шыққылары келмесе, былай әрекет жасау керек: әр жағы әртүрлі түсті кубиті лақтырып, үстіңгі жағына түскен түске ұқсас немесе сондай түсі басым киім киген адамды ортаға шақыру).
Бұл ортаға шыққан 7 ата-анамыз 3 түрлі сынақтан өтедеі: 1-сынақ -ситуациялық сұрақтарға жауап беру. 2-сынақ - аяқталмаған мақал-мәтелдерді дұрыс жалғап аяқтау. 3-кезекте сынақ - бұл кісілер өз балаларына қойылған аттарды (есімдерді) қорғайды, яғни, мектеп жасындағы балалардың атын (есімін) қою тарихын, кім қойғанын, не үшін, кімнің қүрметіне қойғанын түсіндіріп, айтып шығады.
Жаңа сынақ барысын қадағалап, бағалап отыратын сарапшылар қүрамын көз алдарыңызда сайлап алдық. Ал, әділқазылар төрайымы -мектебіміздің директоры болады.
Сарапшылар, сіздер ойынға қатысушылардың жауабына мына бағалаулар арқылы үпай бересіздер, үпай 6-дан 10-ға дейін.
Жауабына қарай ұпайы саластырмалы түрде берілуі керек (жандарына барып, сүрақтаржы жауабымен, бағалау тақтайшаларын, бағалау парақтарын, қаламсаптар апарып беру).
Мектеп психологы: Іскерлік ойын соңында сұрақтарға орында жауап берген, мақал-мәтелдерді дәл аяқтап, балалардың аттарын қызықты етіп қорғап, сипаттай білген 3 ата-ана сынақтан сүрінбей өтті деген сертификатқа ие болады.
1-сынақ: мына үстел үстінен кез-келген билетті алып, ситуациялық сұраққа жауап беріңіздер. Сұрақпен қоса реттік нөмірлеріңіз де беріледі. Сұраққа жауап берген кезде аты-жөндеріңізді толық атап өтесіздер, оны сарапшылар жазып алсын. Соңында сертификат толтырылғанда керек болады. Әрбір ата-ана сұрақтарға жауап береді.
Ситуациялық сұрақтардың жауаптары:
1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз? (Мүмкіндігінше, оның қабілетін одан әрі дамытуға жағдай жасаған дүрыс. Мүмкін, ол бала бойында жасырын дарындық қабылеті бар шығар. Көптеген биограф-зерттеушілердің айтуынша мыңдаған Архимед, Моцарт, Рафаэльдердің көьі өмірлерін ешбір атақсыз, қарапайым диқан, қолөнерші, аспаз ретінде өткізген көрінеді).
2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай үшады... деген таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңызда осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде елеусіз қалдырасыз ба? (Бала сұрағына байыппен түсіндіре жауап беру - олардың ой-өрісін дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі).
3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды қол көтереді» деген бірнеше шағым айтылды. Тағы көрші ата-аналардан ба «біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келді дейін. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз? (Баланы тәртіпкекелтіруден бұрын, оның агрессивті болуының себебін тереңнен іздеңіз. Басқаларды ренжітетін бала өзі де ренжіген бала. Отбасыңыздағы біреу осыған кінәлі емес пе? Ойланыңыз. Мүмкін, жағдайды табуға болатын шығар?).
4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекеттіне көңілі тоймай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз? (Осындай жағдайда баланың сол іс-әрекет түріне талаптануы, үйренуге ұмтылысы төмендеп, өзіне деген сенімділігін жоғалтады, өзіне-өзі деген сенімділігін жоғалтады, өзіне-өзі көңілі толмау сияқты кешенді сенімсіздік қалыптасуы мүмкін).
5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз? (Балаңыздың мүндай жөнсіздіктеріне жол бермеңіз, әйтпесе, одан эрі өрши түседі).
6. Балаңыз күнде 1-сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз? (Қаталдау болуға қорықпаңыз. Сонда ғана ол өз орнын табады).
7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз? (Анық себебін біліп алып, мұғаліммен тіл табысуға ықпал ету).
Сарапшылардың ұпай қортындыларын сұрау.
Мектеп психологы: IIсынақ аяқталмаған мақал-мәтелді аяқтау. Өз кезектеріңіз бойынша келіп, мына жердегі конверттердің біреуін алып, ішіндегі қағазға жазылған аяқталмаған мақал-мәтелдерді дұрыс жалғап аяқтайсыздар.
Сарапшылар, сіздер қатысушылардың жауаптарын тыңдаңыздар.
Аяқталмаған мақал-мәтелдердің дұрыс жалғасы келесідегідей:
1. Ата-асқар тау, ана - (бауырындағы бұлақ), бала - (жағасындағы құрақ).
2. Ұлың өссе, ұлы үлгілімен ауылдас бол, қызың өссе, қызы үлгілімен ауылдас бол.
3. Бала жас шыбық сияқты, (қалай исең солай иіледі).
4. Бала жақсы болса - (қуаныш, жаман болса - қиналыс).
5. Ерлі-зайыптылар тату болса - (үйге береке, араз болса - елге келеке).
6. Анасы қандай болса - (баласы сондай).
7. Әкеге қарап ұл (өсер, шешеге қарап қыз өсер).
Мектеп психологы: IIIсынақ - балаларына қойылған аттарын (есімдерін) қорғау.
Мектеп жасындағы балаларыңыздың аттары қалай қойылғандығына сипаттама беріп, шағын тарихын айтып шығасыздар. Егжей-тегжейіне дейін ашып айтып, жақсы түсініктеме бересіздер, сарапшылардың ұпайлары жоғары болатынын естеріңізден шығармаңыздар.
(Қатысушылар даярланғанша ата-аналарға қажетті материалдарды айтамын).
Адамға ат қоюдың да өзіндік тарихы бар. Адам есімдерін зерттейтін ғылым саласы бар. Ол ономастика деп аталады. Ономастика - атаулар туралы ұғым. Адам аттарын, фамиляларды, қала, өзен, көл, тау аттарын, географиялық атауларды зерттейді. Осы зерттеулерге сүйенсек, ежелгі гректер Петр деген есімді көп қойған екен. Оның қазақша мағынасы «тас». Тастай мықты, бекем болсын деген мағына.
Қазақ балаға атты әртүрлі ырымға сүйеніп қойған. Мысалы, баласы соған тартсын деп бір жақсы адамға қойғызған немесе жақсы адамның атын қойған.
(Қатысушылар сипаттама беріп болған соң, сарапшылардан осы сынақтың бағасы сүралады).
Іскерлік ойынымыз өз мәресіне жетті. Сарапшылар, сіздер барлық ұпай сандарын қосып болсаңыздар, іштеріңіздегі біреуіңіз ұпайы ең жоғары деген 3 қатысушыны ретімен атап шықсаңыздар.
Қортындыда (барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары беріледі).
Қорытынды ретінде айтарымыз адам баласын тәрбиелеуде қазіргі таңда қолға алынып отырған : психодиагностика, психопрофилактика, психоконсультация, психокоррекция, психологиялық ағартушылық бағыттағы жұмыстарын жүйелі түрде негізге алу арқылы ата-аналармен қоян-қолтық жұмыс жүргізу өте пайдалы.